Мойынқұм ауданының бас имамы Ұзақбай Бадықов 30 күн оразада жамағатпен және ауыл тұрғындарымен әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, халықты сауапты амалдар жасауға шақырды.
"Рамазан - рахым айы", "Қадыр түні - тағдыр түні" сынды тақырыптарда уағыз-насихаттар жүргізіп, рухани білім берді. Исі мұсылман қадір кешін құлшылықпен өткізу үшін аудандық "Мойынқұм" мешітіне ағылды.
Қадір түнінде мешітке 1100 адам жиналды. Аудандық мешітте бас имамның бастамасымен 30 күн бойы оразада ауызашар берілді. Айта кетейік, ауызашар үшін мешіт асханасына 100 адамға арналған ыдыс-аяқ сатып алынған болатын.
Айжан Ермекқызы
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі



20 Қаңтар 2026
1 Шаабан 1447

