#Меркі ауданы: «Рамазан қоржыны» үлестірілді

#Меркі ауданы: «Рамазан қоржыны» үлестірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен «Ақжүніс ана» қоғамдық қоры мен орталық «Меркі ата» мешіті игі істе бас қосты. Қос тараптың ұйымдастыруымен ауданда «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтіп, 100 отбасыға қуаныш сыйла.

«Рамазан қоржыны» акциясы аясында өткізілген шара барысында Меркі ауданына қарасты барлық елді-мекендердегі көп балалы аналарға, асыраушысынан айырылған мұқтаж жандарға азық-түлік қоры таратылды. Рамазан айының мейірімін сезіндірген «Рамазан қоржыны» акциясы бұған дейін ауданымыздағы басқа да құлшылық ордаларында өткізілген еді. 

Көмек алған отбасылар өз алғыстарын білдіріп, баталарын берді. Бас имам демеушілік еткен «Ақжүніс ана» қорының ұжымы мен басшысы Дәулет ағамызға өз ризашылыған білдіріп, отбасылары мен кәсіптеріне береке тілеп, дұға жасады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: