Меркі ауданына қарасты Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешіті Ораза айт қарсаңында, айттық көңіл күй сыйлау мақсатында айттық азық-түлік таратылды.
Ауыл тұрғындарының демеушілігімен ауылдағы 20 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті ұн, сұйық май, макарон, тұз, тамат, күріш, қант, шәй және тәттілер таратылды. Игі іс-шараға атсалысқан ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз!
Алла Тағала қасиетті Рамазан айында жасап жатқсан құлшылықтарымызды, жақсылықтарымызды қабыл етіп, еселеп сауаптардан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



15 Қараша 2026
4 Джумада-сани 1448

