#Талас мешіттері қадір түнін ерекше атап өтті

#Талас мешіттері қадір түнін ерекше атап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Қаратау қаласы "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғас Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен мың айданда қайырлы болған "Қадір түні" өз деңгейінде ойдағыдай өтті.

Алдын ала жоспарланған осынау қадірлі іс-шараның жоғары деңгейде өтуі ләзім болса керек. Рамазан ай бойы орталық "Қаратау Қажы би" мешітінде хатым Құран түсірілген болатын. Тарауық намазынан соң хатым дұғасы жасалынып, хатым түсірген қариларымызға алғысын халық жаудырып жатты. Осыған қоса, мешітке келген жамағатқа сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар таратылды. Аудан имамы бас жүлдеге "Айфон 13 промакс" қойылды.

Өз кезегінде ғибратты видеороликтер көрсетіліп, қадір түнін асыға күткен халықтың ішкі сағынышпен, астасқан сезімдеріне үн қосты десек артық айтқан болмаспыз. Ауданның бас имамы уағыз-насихатын айта келе құранға түскен шәкірттеріне Мүфти хәзірет Наурызбай қажы Тағанұлының арнай Құран кітабын сыйға тартып, мешіт үшін ат салысып жүрген белсенділерге кәдесыйлық берді. Сонымен қатар, мешіт ұстаздарына, имамдарға Құран кітап және бағалы сыйлықтар сыйланды. Осы орайда Қадір түнін қадірлей күткен, кештің өтуіне ат салысқан барша бауырларға алғыс айтамыз!

"Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: