#Талас: 20 отбасыға пітір садақадан көмек берілді

#Талас: 20 отбасыға пітір садақадан көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас аудандық «Қажы би» мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының және "Ризық-мүбәрак" қорының қолдауымен мешітке түскен пітір садақадан қайырымдылық жасалды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне тұрмыстық жағдайы төмен 15 отбасыға азық-түлік, 5 отбасыға қаржылай қайырымдылық көрсетілді. Алла үйіне қадам басқан мұқтаж жандарға ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы қадір түнінің қадірі жайында уағыз айтты.

Қашанда Алланың үйі мешітке арқа сүйеп келетін мұқтаж жандар бас имамға шын жүректен алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді. Қайырымдылық шарасында жалпы жұмсалған қаражат 395 000 теңгені құрады.

Талас аудандық «Қажы би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: