#Талас: Имандылық - адам көркі

#Талас: Имандылық - адам көркі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Қаратау қаласы, " Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы, Жұбатқанов Жалғас Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен Талас аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде "Имандылық - адам көркі" атты тақырыпта кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауданның бас имамы Ж.Д.Жұбатқанов "сөздің басы бисмилла" деп, өзінің жүрекжарды лебізін бастап кетті. Іс-шараға қатысушылардың контингенті ұжым қызметкерлері және студенттер болғандықтан имандылық жайлы, адами құндылықтар жайлы біршама толғамды ойлар айтылды.

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында жасалған іс-шара ара-кідік оразаға байланысты сұрақтармен де жалғасасын тауып отырды. Тиісінше бас имам кітап оқудың маңызы, адами құндылықтарды жетілдірудің тиімді жолы рухани білімнің керектігі жөнінде баса назар аудара сөйледі. Қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: