Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің имамы Рахматулла Каримовтың ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының соңғы күндеріне орай қайырлы іс жасалды.
Аталмыш игі істе 60 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Қайырымдылық көмекке басы аяғы 800 мың теңге қаражат жұмсалды. Көмек алған отбасылар ауыл имамына өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



10 Тамыз 2026
25 Сафар 1448

