Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылы «Бірлесу-еңбек» мешітінің имамы Сакен Джолдасбаев мешітке келген жамағатқа «дін мен дәстүр» турасында кеңінен уағыз айтты.
"Дін – дегеніміз Алла Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықтарды, ақыретте Алланың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннаттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді. Діннің мақсаты белгілі бір ұлттың дәстүрін, әдет-ғұрпын мансұқтау емес. Ислам діні бүкіл халықты дәстүрі мен құндылығын сақтау арқылы надандық соқпағынан алып шығады. Әрине, шариғатқа қайшы келетін дәстүрді ұстануға рұқсат бермей, тыйым да салады. Бұл ұстаным жайында дана халқымыз «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дейді. Демек бұл ұстаным шариғат қағидасымен ұштасып жатқанын айта аламыз" - деп атап өтті ол.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


21 Маусым 2026
5 Мухаррам 1448

