Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген жамағатқа айт намазы турасында насихат айтты.
Айт намазының уақыты күн найза бойы көтерілгеннен бастап, күн тас төбеге көтерілгенге дейін оқылады. Яғни күн шыққаннан кейін жобамен жарты сағат өткеннен бастап, бесін намазы уақытының кіруіне аз қалғанға дейін. Айт намазын оқып жатқанда күн тас төбеге көтерілген болса, намаз бұзылады. Айт намазын күн шығып жатқан уақытта оқыса, намаз жарамсыз. Егер ораза айт намазы, жұма күнге сай келсе, ораза айт намазын өз уақытында, жұма намазын өз уақытында оқиды. Ораза айт намазы, жұма намазының орнына жүрмейді.
Ораза айт намазын алғашқы уақыты кіре салысымен емес, біраз уақыт өткізіп оқу – мұстахап. Көпшілік пітір садақасын беріп үлгерулері үшін бұл тиімді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


20 Қаңтар 2026
1 Шаабан 1447

