Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің имамы Қуаныш Исмаиловтың бастамасымен ауылдан шыққан кәсіпкер Қайрат Жанысұлының демеушілік етуімен ауыл тұрғындарына ұн үлестірілді.
Аталмыш шарада 20 отбасына 20 қапшық ұн таратылып, 150 мың теңге қаражат жұмсалды. Қасиетті рамазан айының соңғы күндерінде жасалып отырған игі іс-шара аясында көмек алған отбасылар ауыл кәсіпкері мен мешіт имамына өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



20 Қаңтар 2026
1 Шаабан 1447

