#Тараз: Қыз-келіншектер мешітте 120 түп ағаш отырғызды

#Тараз: Қыз-келіншектер мешітте 120 түп ағаш отырғызды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді" - дейді дана қазақ. Сонымен қатар Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдасы тигені», - деген. Ал, ата-бабамыз: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп кеткен.

Міне, осындай өсиеттерді ескерген "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова бастаған мешіт шәкірттері 120 тал жеміс ағашын алып, "Жасөркен" мешітінің бағына отырғызды. 

Аталған мешіттің имамы Бауыржан Досмұхамметов қыз-келіншектерге жеңіл болсын деген ниетпен тал отырғызатын орындарды алдын ала дайындатты. Шәкірттер "Жасөркен" мешітінің ауласында жасалып жатқан жеміс бағына алма, алмұрт, шабдалы, слива сында ағаштарды отырғызды. 

Әр дарақты еккен сайын қыздар дұға етіп, керемет әсермен қайтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: