Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты ұранмен "Кәрібай молда" мешітінде қайырымдылық іс-шарасы жасалды.
Мешіт имамы Аят Дыбысұлы қасиетті қадір түні қарсаңында 20 отбасыға көмек табыстады. Ең қажетті азықтарға толтырылған себеттерді көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған, мұқтаж отбасыларға үлестіріп, қадір кеші туралы насихат айтты.
Айта кетейік, қайырымдылық шарасы үшін 520 000 теңге жұмсалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі