Рамазан айында Шу мешіттері жақсылықта жарысып, қайырымдылық шараларын жиі өткізді. Атап айтсақ, Ақсу ауылы "Баласағұн" мешіті 14 отбасыға зекет таратып, кәсіпкерлердің қолдауымен 10 кг күріш, 10 кг макарон, 5 л сұйық май, 25 кг ұн, 10 кг құмшекер сынды қажеттіліктермен азық-түлік жеткізді. Жұмсалған қаражат 306 000 теңгені құрады.
"Бірлікүстем" мешітінде осында қайырымдылық шарасы өтіп, ауыл азаматы 1 бас құнажын сойып, етін мешіт имамы 12 отбасыға таратты.
Ал "Ж.Жексенбай" мешітінде жомарт жандар қолда бар кәсібімен 7 кісіге сыйлық жасап қуантты. Бал, қаймақ, ірімшігін сыйға тарту етті. Мешіт имамы Шүкірәлі Бердібеков: "Алланың берген ризығымен бөлісу, кәсіптің берекетіне, әулетің мерекесіне, өміріңнің мәнісіне алып келетініне Алла кепіл" - деп, разылығын білдірді.
"Кунту баба" мешітінде екі қой сойылып, 20 отбасыға еті мен азық-түлік таратылды. Игі науқанға 300 000 теңге қаражат жұмсалды.
Абай ауылы "Оспанәлі" мешітінде қаржылай және азық-түлік түрінде 13-отбасыға көмек беріліп, 400 000 теңге жұмылдырылды.
"Хати Сауранбайұлы" мешітінде 3 отбасыға қайырымдылық жасалып, 50 000 теңгеге азық түлік жеткізілді. Мұндай қайырымдылық шаралары әлі де түгесілмей атқарылуда.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



20 Қаңтар 2026
1 Шаабан 1447

