Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде қасиетті Қадір түніне орай мешіт жамағаты рухани кештен кейін бірігіп, хатым Құран түсірді. Алла Тағала:"Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер", – десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған.
Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ): «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды», – деген.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



20 Қаңтар 2026
1 Шаабан 1447

