МҮФТИЯТ ТҮРКІСТАНДА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

МҮФТИЯТ ТҮРКІСТАНДА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан қаласында зиялы қауым өкілдеріне, қарттар мен ақ жаулықты аналарға арнайы ауызашар берді. Ауызашар дастарқанына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, жамағатқа уағыз айтты.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде былай дейді: «Рамазан айының соңғы он күніне кіргенде, Алла Тағала көп мұсылманның мойындарын тозақ отынан сақтайды (босатады)». Сонда сахабалар: «Я, Расулулла! Неге, дәл ең соңғы күні тозақтан босатады?» деп сұрады. Осы сәтте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендер жұмысшыларды көрмедіңдер ме? Олар бір ай бойы жұмыс істейді, ал айдың аяғында олар еңбектерін алмай ма?» деп жауап берді. Міне, бір ай бойы ораза ұстағандарға осындай сый беріледі. Алла Тағала баршамыздың күнә-кемшіліктерімізді кешіріп, өзінің мейіріміне бөлегей. Әмин!» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Игі іс-шарада ғибратты термелер орындалып, келген қонақтарға ауызашар қоржыны үлестірілді. 

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: