Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылы «Махат ата» мешітінің имамы Чалиев Ескендір бесін намазына мешітке келген жамағатқа «көркем әдеп» турасында уағыз айтты.
Ислам – көркем мінез бен әдептілікке негізделген дін. Әдептілік адамды көрікті етеді. Ихсан ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті қалыптастырады.
Хазреті Мәуләна: «Ақылым жүрегімнен: «Иман деген не?» деп сұрады. Жүрегім ақылымның құлағына иіліп: «Иман дегеніміз – әдеп» деп жауап берді» дейді. Бұл сөздерді ұғынған жанға, керемет мағына мен астар сыйлағаны сөзсіз. Сондықтан, мейлінше әдепті болуға тырысқанымы абзал.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


16 Қаңтар 2026
27 Раджаб 1447

