Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансардың ұйымдастыруымен «қайырымды жұма» науқаны өткізілді. Аталмыш жоба аясында ауылдық алты отбасына азық-түлік себеттері таратылды.
Іс-шараға кеткен қаражат отыз бес мың теңгені құраған. Көмек алған отбасылар өз ризашылықтарын білдірді. Осы орайда жұма күнінің қадір-қасиетін ұлықтау мақсатында Діни басқарма тарапынан қолға алынған «Қайырымды жұма» акциясы қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын тауып жатқанын айта кету керек.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі