Өткен 2014 жыл климатты бақылау тарихында ең жылы жыл болып тіркелді. Жаһандық жылыну процессі одан әрі де жалғасатын табады, деп мәлімдеді Дүниежүзілік метрология ұйымының (ДМҰ – БҰҰ мекемелерінің бірі – агенттік) өкілдері, деп жазады Agence France-Presse.
Былтыр Жер шарындағы ауа температурасы 1961-1990 жылдар аралығындағы орташа көрсеткіштен 0,57 градус Цельсийге жоғары болды. Ол аз дегендей, климатты бақылау тарихындағы ең ыстық 15 жылдың 14-і ХХІ ғасырға тиесілі көрінеді. Ауа температурасының рекордтық көрсеткіштерімен қатар, бірқатар аймақтар толассыз жауын-шашын, су тасқыны мен шөл басу сынды табиғаттың тосын мінездерін бастан кешті. Мұның бәрі жаһандық климаттың өзгеріске ұшырап жатқандығын тағы бір мәрте дәлелдейді.
«Жаһандық жылыну процессі әлі де жалғасады деген ойдамыз. Атмосфера құрамында парник газдарының өсуі мен әлемдің мұхитта жылудың жиналуы болашақ бұдан бетер жылы болады дегенді меңзесе керек», - дейді ДМҰ бас хатшысы Мишель Жарро.
Температуралық рекордтардың бір-бірінен айырмасы алшақ емес. Мәселен, 2010 жыл орташа көрсеткіштен 0,55 градусқа жылы болса, 2014 жыл —0,57 градусқа, 2005 —0,54 градусқа.
bnews.kz