#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ «ЖАҢАТҰРМЫС» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ «ЖАҢАТҰРМЫС» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы «Тақуалыққа қалай қол жеткіземіз?» тақырыбында жамағатқа жұма уағызын айтты.

  Қанат Әділханұлы: «Алла Тағала «Әли Имран» сүресінің 102 аятында: «Уа, иман келтірген пенделер! Алла Тағаладан шынайы түрде қорқыңдар және тек мұсылман болған күйде жан тапсырыңдар», – деген. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Қай жерде болсаң да, Алладан қорық. Жамандық істеген болсаң, лезде оны жоятын жақсылық істе. Адамдармен көркем мінез-құлықпен қарым-қатынас жаса», – деп тақуалықтың сипатын баяндаған (имам Термизи). Тақуалық – адам баласының Құдай алдындағы адал еңбегі. Алла Тағала маңдай теріне қарай тақуа жандарды Өз панасына алып, дүние мен ақыретте кезігетін қауіп-қатерден сақтайды.  Дегенмен тақуалық ол – рух азығы. Оны әрдайым иманмен қуаттап, күш беріп тұру тиіс. Мұның шыңы – «Ләәиләәһәиллалла» кәлимасы. Себебі кіл жамандықтың бастауы Аллаға ортақ қосудан болады. Дүние – сынақпен мәнді, ал ақырет – тақуалықпен сәнді. Алланың һәм жұрттың алдындағы пенденің қадірі тақуалықпен артады. Алла адамды сүйсе, тақуалық киімін кигізіп, Өзі сүйген істерді қоса сүйдіреді. Хазіреті Убәй ибн Кағб (Алла оны рақымына алсын): «Тақуалық – тікенді жерде абайлап жүргенің секілді», – деп сипаттайды», - деді.

Қанат Әділханұлы «Жаңатұрмыс» мешітінің жамағатына жұма намазын өткізді. Жұма намазынан соң жамағатпен бірге елдің амандығы үшін дұға жасады.

 Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: