Ораза ұстаудағы жалпы қателіктер (жалғасы бар)

Ораза ұстаудағы жалпы қателіктер (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көпшілігіміз үшін Рамазан айы  өз рухани мағынасын жоғалтып, құлшылықтың орнына механикалық жаттығуға айналды. Кейбіріміз тірі өлік құсап таң атқаннан кеш батқанша ауыз бекітеміз, өйткені айналамыздағылардың бәрі де ауыз бекітіп жүргенде, олар неге қалысуы керек? Бұл біздің жүрегіміз бен жанымызды зұлымдық пен күнәлардан тазарту уақыты екенін ұмытып кетеміз. Дұға жасауды ұмытамыз, Алладан біздің күнәларымызды кешіруін сұрауды ұмытамыз, Одан бізді Тозақ отынан сақтауын сұрауды ұмытамыз. Иә, біз ішіп-жеуден тыйыламыз, бірақ біздің бар жасайтынымыз осы ғана. Қане, ораза ұстау барысында кеңінен таралған қателіктерді қарастырып көрейікші.

 Ішіп-жеу туралы көп алаң болу

Кейбір адамдар үшін ораза тек тамақ төңірегінде ғана шектеледі. Олар құлшылыққа, Құранның оқылуына және басқа да құлшылық түрлеріне көңіл бөлгеннің орнына КҮНІ БОЙЫ мәзір дайындаумен, тағамдар сатып алумен, ас әзірлеумен, тамақты ойлаумен өткізеді. Олардың бар ойлайтыны тек ТАМАҚ, сондықтан да Рамазан айын мол тамақ айына айналдырады. 

«Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді» (7:31).

Әсіресе кейбір қарапайым әйелдердің ауыз ашарға тамақ жасап кірісіп кететіндері сондай, оларда тіпті  құптан намазын оқымақ тұрмақ, тарауық намаздарына, тәһәжжудке немесе Құран оқуға шамалары жетпей қалады. Бұл мейірімділік пен кешірім айы, сондықтан да ас әзірлеуді азайтып, имандарыңызды көбейтіңіздер!

Шамадан тыс тамақтану

Кейбір адамдар сәресіде әбден тойғандарынша жейді, осылай тамақтанса, оларға күндіз қарындары ашпайтындай болып көрінеді, ал ауыз ашарда бұл олардың соңғы ауқаттары сияқты тамақтанады, күндізгі ішіп-жемегендерінің орнын осылай толтырмақ болады.  Алайда мұндай әрекет Сүннетке қарама-қайшы келеді. Бәріне де ұстамдылық қажет. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген: «Шамадан тыс тамақ міндетті және қалаулы құлшылықтардан адамның көңілін бөледі әрі жүрегіне бейқамдық орнатады. Егер сіз өз тәбетіңізді ауыз ашар кезінде де бақылай алсаңыз, онда сіздің оразаңыздың зая кетпегені. Тойып жеу сізді жалқау етеді әрі тарауық намазын оқуға кедергі келтіреді».

Күндіз бойғы ұйқы

Кейбір адамдар оразаның күнін немесе көп бөлігін ұйықтаумен өткізеді. Осы игілікті айда бізден ұйқы талап етілуші ме еді? Бар уақыттарын ұйқыда өткізумен бұл адамдар Рамазанның басты мақсатын жіберіп алды, өйткені олар жеңілдік пен оңайылыққа талпынудың құлдары болып қалады. Олар ұйықтайды, өйткені аштыққа біраз да болса шыдамайды және байсалдылық таныта алмайды. Ораза ұстап жүрген жанға күнінің көп бөлігін ұйқыда өткізу бұл немқұрайлылық болып табылады. 

Уақытты бос өткізу

Рамазан айының уақыты  – бұл үлкен құндылық, көзді ашып-жұмғанша, тағы да бір мейірімділік пен кешірім айы өтіп кетеді. Сондықтан да бұл айдың әрбір минутын Аллаға құлшылық қылып және көбірек  оның  игілігін алуға тырысу керек. Дегенмен, кейбіреулеріміз күні бойы бейнеойындар ойнап немесе одан да жаманы музыка тыңдап және фильмдер мен күмәнді бағдарламалар көрумен өткіземіз. СубханАлла! Алланың айтқанын орындамасаң, Оның разылығын ала алмайсың!

Ораза ұстап, бірақ тыйым салынғаннан тыйылмау

Көпшілігіміз ораза ұстаймыз, алайда өсектен, ұрсысудан, бәдік сөздерден, реніштен және тағы басқалардан тыйылмаймыз. Ал қалғандары мүлде тыйым салыңған дүниелермен айналысады — ішімдік сатады,  азғындыққа беріледі және тағы да басқалары. Мұның  мәні бұл дүниелерді қысқартуда емес пе?

Құранда былай айтылады:

«Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине, сақсынарсыңдар» (2:183).

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: « Егер сендердің біреулерің өтірік айту мен басқа да надандықтың дүниелерін жасауды қысқартпаса, онда Аллаға оның ішіп-жеуден тыйылуы қажет емес» (Бұхари).

Сәресіге немқұрайлы қарау

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Сәресіде ішіп-жеңдер, өйткені онда береке бар» (Бұхари, Мүслим).

Тағы да ол былай деген: «Сендердің оразаларың (біздің қауымға берілген) мен Кітап адамдарының оразасының айырмашылығы сәресіде (таң атып келе жатқан уақыттағы) жейтін тамақта ғана» (Мүслим).

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: