«Ораза – ихсан көрінісі» тақырыбында жамағатқа арнайы уағыз-насихат жүргізді. Ихсан ұғымының мән-мағынасын түсіндіру, қасиетті Рамазан айында тақуалыққа аса қатты мән беруді үгіттеді.
Ораза құлшылығы мұсылман баласын ихсан дәрежесіне жетуіне көмектеседі. Өйткені ораза – адам мен Алланың арасындағы құпия құлшылық. Мысалы, біздің күнделікті оқып жүрген намазымызды, зекет-садақамызды, қажылық сапарымызды айналамыздағы адамдар көреді. Ал ауыз бекіткенімізді ешкім байқамауы мүмкін. Ораза құлшылығы мұсылманның «бәрін Алла көріп тұр» деген сенімін күшейтеді.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі



19 Қаңтар 2026
30 Раджаб 1447

