#Рысқұлов: Жат ағым жарылқамайды

#Рысқұлов: Жат ағым жарылқамайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылдық мәдениет үйінде «Жат ағым жарылқамайды» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Кездесуге «Отарымбет» мешітінің имамы Байғожаев Қалтай және ауыл әкімінің орынбасары арнайы қатысып, жат ағымның жарға жығар тұстарын кеңінен баяндап, жастарды одан аулақ болуға шақырды.

Қалтай имам насихатында: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп бірлікке ерекше мән берген бабаларымыздың аманатына сызат түсіп келеді. Теңіздің арғы бетінде соққан дауыл бергі бетіне жетпей қоймайды. Ел ішіне іріткі салып жүрген ағымдар көптеген отбасының берекесін қашырып, қаракөздеріміздің тағдырын талқандауда. Өз мүддесін көздеген ағымдар бұқара халықта сонау ата-бабасынан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту үшін түрлі айла-шараларын жасап әлек. Мәселен, уаһабилер, құраниттер, ахмадияшылар, хизбутшылар, тәкфіршілер сынды ағымдар қой терісін жамылған қасқырдай ашық та, жасырын да ел ішінде өз жұмыстарын жүргізуде. Жасыратыны жоқ соңғы уақыттарда ел ішін ала тайдай бүлдіріп, жаңашылдық әкелмек болған «сәләфи» ағымы қанатын кең жайды. Осы бағыттың шырмауына түскен қандастарымыз сергендеңге түсіп дал болуда. «Іштен шыққан жау жаман» демекші «анау болмайды», «мынау харам», «бұл шірк» деп Алла жолына енді қадам басып жатқандардың санасын улауда», - деп баяндады.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: