Пәкістанда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 9 мың адам қамауға алынды

Пәкістанда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 9 мың адам қамауға алынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пәкістанның арнайы қызметі лаңкестік күдігімен кемі 9 мың адамды қамауға алды деп жазады The Hindu.

Қамалғандардың ішінде 3 мыңнан аса молда мен медресе ұстаздары бар. Сондай-ақ, тағы 3,5 мың ауған босқындары уақытша ұстау абақтысында.

Қамауға алынғандардың ең көп бөлігі пуштундар жайлаған Хайбер-Пахтунхва провинциясына тиесілі. Мұнда барлығы 6702 адам тұтқындалған.

Айта кетейік, Пәкстан билігі лаңкестермен күресті күшейту мақсатында арнайы операциялар жүргізуді қолға алды. Осылайша мемлекет тәлібтерді әлсіретіп, түп-тамырымен жоямыз деп білек түріп отыр.

Аталған операцияларға барлық күштік құрылымдар мен еріктілер де тартылуда.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: