Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданы әкімдігінің дін істері басқармасы қызметкерлерімен бірігіп Меркі ауданының ТЖБ-ның (төтенше жағдайлар басқармасы) қызметкерлерімен "Жат ағым – жақсылыққа апармайды" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Бас имам Ислам мен салт-дәстүрдің ара қатынасы, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары, жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және интернет кеңістігіндегі теріс идеяларға қарсы насихат турасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында қызметкерлер сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



19 Қаңтар 2026
30 Раджаб 1447

