Өлімнен кейін адамды не күтеді?

Өлімнен кейін адамды не күтеді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «Жұмақтағылар, тозақтағыларға: «Раббымыздың бізге уәде еткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма?»,- деп айғайлайды. (Олар): «Әрине» дейді. Сонда олардың араларында бір айғайшы: «Алланың қарғысы залымдарға» деп айғайлайды» (7:44).

Келешекте орын алатын әңгімелерден сабақ алыңыздар!

Жұмақ пен Тозақ жаратылып қойған, олар бар. Олар Алла Тағаланың көптеген жаратылғандарынан да бұрын жаратылған. Тіпті Жұмақ пен Тозақ мекендеушілері анықталып та қойған. Алла Тағала тек қана Жұмақ пен Тозақты сипаттап қана қоймай, сонымен қатар, Құранда оларды мекендеуші адамдардың сұхбаттарын да айтып берген.

Осы мақалада күндердің күнінде өзіміз қатысушылары болатын бірнеше диалогтар келтірілген. Өзіңізден сұрап көріңізші – әлі орын алып көрмеген сұхбаттардан өзіңіз үшін сабақ алуға дайынсыз ба?

1. Қажырлы еңбек

Алланың қалауымен, Жұмаққа кіріп өз орныңызға қарай беттеп бара жатқаныңызды көз алдыңызға елестетіңізші. Ең бірінші болып сізге періштелер сәлем беретін болады. Қиын-қыстау кезде сабырлық танытқандар, Алла тыйым салғаннан шыдамды түрде бойларын аулақ ұстағандар, төзімді түрде Алланың басшылығын ұстанғандар әрі өзге адамдарға қатысты сабырлық танытқандар – сабырлықтың нәтижесін көретін болады.

Сабырлық қажырлы еңбекті талап етеді, сол себепті Жұмақта періштелерден төмендегі сөздерді естігілеріңіз келсе, бұл дүниеде сабырлы болыңыздар: «Ал Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жаннатқа жолданады. Сондай-ақ олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: “Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жаннатқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер” дейді (39:73).


2. Алла Тағалаға Оның басшылығы үшін шүкір айтыңыздар

Алла Тағала сізді Өзінің хақ жолын ұстанушылардан етікені үшін Оған сансыз шүкірлер айтып, үнемі өзіңіздің алғысыңызды білдіріп жүріңіз.

Алланың қалауымен, егер Жұмақ мекендеушілерінің қатарында болсаңыз, былай айтар едіңіз: «Барлық мақтау бізді осы тура жолға салған Аллаға тән. Егер Алла бізді тура жолға салмаса еді, тура жолды таба алмайтын едік. Расында Раббымыздың елшілері, шындықты келтірген еді» дейді. Және оларға: «Міне амалдарың себепті мұрагері болған жұмақтарың осы» делінген түрде дабысталады» (7:43).

 

3. Әл-қуатыңыз барда Алла Тағалаға сиыныңыз

Мүмкіндік, денсаулық пен уақыт барда Алла Тағалаға сиыныңыз. Кез-келген жағдайда – қуаныш  пен қайғыда немесе кез-келген қиындықта Аллаға сиыныңыз. Алланың сізді Тозақ Отынан сақтауын тілеңіз.

«Оттағылар, тозақтың сақшысына: “Раббыларыңнан тілеңдер. Азабымыздан бір күн жеңілтсін” дейді.(Тозақ сақшылары): “Сендерге елшілерің мұғжизалармен келмеді ме?”- дейді. Олар: “Әрине!”- дейді. (Сақшылар): “Ендеше жалбарыныңдар, кәпірлердің тілегі мүлде зая кетуде” дейді» (40:49-50).

 

4. Намаз оқыңыз, мұқтаж жандарға көмектесіңіз, тіліңізге ие болыңыз және Қиямет күнін есіңізден шығармаңыз

Құранды оқи жүріп, Жұмақ пен Тозақ мекендеушілерінің пікірталасына куә бола жүріп, мүміндерге бір қателіктен сабақ алып, жақсы амалдар жасауға талпыну қажет. Жұмақ мекендеушілері Тозақ мекендеушілерінен не себепті мұндай жаман халге түскендіктерін сұрағанда, тозақтағылар намаз оқымағандықтары себепті деп жауап берген екен. Намаздың маңыздылығын енді түсінген боларсыздар?..

Намаздағы Алламен байланысыңыздан бөлек, үмбетпен байланысыңызды есіңізден шығармаңыздар әрі мұқтаж жандарға көмектесуді өз міндетіңіз деп біліңіз. Кімнің көмекке зәру екенін анықтап, әлгі адамның өзіңізден жақын не алыс тұрғанына қарамастан оған қаражатыңыз бен уақытыңызды бөліңіз.

Ең бастысы, өз әрекеттеріңізді бақылауда ұстау үшін әрі күнә жасап қойған болсаңыз уақыт созбай тәубеге келу үшін Қиямет күнін үнемі есіңізде ұстаңыз.

«Олар жаннаттарда сұрасады! Қылмыстылардан: “Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?” Олар: “Біз намаз оқушылардан емес едік.” “Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік.” “Бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік.” “Қиямет күнін өтірік деген едік.” “Өзімізге өлім келгенге дейін” (осындай едік)» (74:40-47).

 5. Сізге нәсіп етілген нығметті жете түсініңіз.

Алла Тағала сізге нәсіп еткен нығметтерді бағалай біліңіз. Тіпті бір жұтым су үшін де Алла Тағалаға шүкірлік білдіріп жүріңіз.

«Тозақтағылар, жұмақтағыларға: “Бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер” деп айғайлайды. Олар: “Расында Алла, ол екеуін де кәпірлерге арам еткен” дейді» (7:50).


6. Кімнің соңынан еру керектігін мұқият таңдаңыз

Қазіргі заманда біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) сүннетін ұстанудан гөрі, бұқаралық ақпарат құралдарының беретін ақпараттарын ақтару, әншілер мен актерлердің өмірін қызықтау немесе сән жолын қадағалау көпшілігімізге жеңіл де жағымды жайт болып кеткені өтірік емес. Келесі жолы сүйікті актеріңіз не болмаса әншіңіздің өмірінен қызықты жайттарды білуден бұрын Тозақ мекендеушілерінің өздері үшін жалған бағыт-бағдар ұстанғаны үшін өкініп, опық жейтінін есіңізге алыңыз. Солардың өздеріне пір тұтып, табынардай болып бар жан-тәндерімен жақсы көрген адамдары оларға қол ұшын беріп, оларды зардаптан құтқара алмайтындығын ұмытпаңыз.

«Расында Алла кәпірлерге лағынет етті. Және оларға жалындаған тозақты әзірледі. Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: “Әттең! Бізге не болды? Аллаға бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді” дейді!» (33:64-66).

Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алла Тағала бізді Жұмақ мекендеушілерінен болуға нәсіп етсін!

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: