ҚМДБ мәлімдеме жасады

ҚМДБ мәлімдеме жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Франциядағы Charlie Hebdo журнал редакциясында болған оқиғаға байланысты 

МӘЛІМДЕМЕСІ 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! 

Бүкіл әлемді жаратқан Алла Тағалаға мадақтар, Оның Елшісі Мұхаммедке салауаттар мен сәлемдер болсын! 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Төралқа мүшелері, Ғұламалар Кеңесі Франциядағы Charlie Hebdo журнал редакциясында болған оқиғаға алаңдаушылық білдіреді және жергілікті жұртшылықты сабырлыққа шақырады.

Күллі мұсылман үмбеті үшін аса ардақты, жұртшылықты бейбітшілік пен діни төзімділікке шақырған пайғамбар Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) карикатурасын салып, келемеждеу дінаралық келіспеушілікті ушықтырады.

Әлемде көптеген әртүрлі мәдениеттер мен діндер қатар өмір сүруде. Дін өкілдері бір-біріне құрметпен және түсіністікпен қарым-қатынас жасауды үйренулері қажет.

Бір дін өкілі басқа дін өкілінің діни құндылықтарын қорлауға жол бермеуі керек деп санаймыз.

Өз кезегінде, діни сезімі қорланғандардың өз ренжітушілеріне шектен шығып зорлық амалдармен жауап беруін де қолдамаймыз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш рет былай деп қайталаған: «Шектен тыс кінәмшілдік пен қаталдық танытушылар жазым болады» (Муслим) .

Шектен тыс кінәмшілдік, жанкештілік жақсылыққа апармайды, адамдар арасындағы өшпенділікке әкеп соғады.

ҚМДБ әлем халқын лаңкестік әрекеттерді Ислам дінімен байланыстырмауға үндейді. Дүниежүзін дүрліктіріп отырған лаңкестік әрекеттерден діни астар іздеу дұрыс емес. Лаңкестің діні, ұлты, тілі, тегі болмайды. 

«Бір адамды жазықсыз өлтіру - бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей» деп үкім берген Исламды лаңкестік оқиғалармен байланыстыру қателік.

Мұсылман адам дінді бүлдіргі мақсатта пайдаланғысы келетіндердің, Исламды мансұқтауды көздейтін күштердің нанымынан сақтануы тиіс.

Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық болуын көздейді, пендені соған тәрбиелейді. Осыған орай ҚМДБ кез келген экстремистік және лаңкестік көріністерді қолдамайды.

Алла Тағаладан жер бетінде тыныштық болуын тілейміз.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: