Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Даналық және көркем уағыз» тақырыбында Астана имамдарының біліктілігін арттыру семинары өтті.
Семинарға ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлері қатысып, бірнеше діни кітаптардың авторы, «Әлжан Ана» мешітінің бас имамы Думан Сайфулланың дәрісіне қанықты.
Думан Сайфулла дінді насихаттауда сабырлылық пен көркем мінез таныту керек екенін айтып, адамдарға ықпал етудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Дағуат жасаушы үшін даналық пен үздіксіз білім алудың маңыздылығын баса айты. Жиынға қатысқан имамдар көркем уағыздың сипаты қандай болу керек екенін біліп, тың ақпараттарға қанықты.