БАС МҮФТИ АҚСАҚАЛДАРМЕН ОРТАҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ АҚСАҚАЛДАРМЕН ОРТАҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған сапарында Жезқазған қаласында ақсақалдармен жүздесіп, ортақ мәселелер бойынша пікір алысты.

Кездесуде жастарды жат діни ағымдардың идеологиялық ықпалынан сақтандыру, қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, бата дәстүрін жаңғырту, жамағат арасында бірлікті арттыру т.б. мәселелер талқыланды.

«Әрбір ұлттың өзіндік болмысы, салт-санасы бар. Қазақ халқының дәстүрінде қалың бұқара мен биліктің арақатынасына көпір болып, қызметін атқарған ақсақалдардың орны ерекше. Халық қариясына қарап бой түзейді. Ақсақалына қарап елі өседі, көргендерін бойына түйеді. Қазақ қоғамындағы ақсақалдар ел ішінде орын алған мәселелерді талқыдан өткізіп, шешім шығарып немесе бір шешімге келіп, дауларды реттеп отырған. Сіздердің де біздің игі істерімізге қосар үлестеріңіз мол» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Кездесуден кейін Бас мүфти ақсақалдарға «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: