Иордания ханзадасы ФИФА президенттігінен үміткер

Иордания ханзадасы ФИФА президенттігінен үміткер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иордания ханзадасы Али бин Аль- Хусейн 2015 жылы Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) президентінің лауазымына сайлауға түсуді көздеп отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС «Рейтер» агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда Али бин Әл-Хусейн FIFA вице-президентінің қызметін атқарады, сондай-ақ Иордания мен Батыс Азия футбол федерациясын басқарады. 

«Мен ФИФА президенті лауазымына үміткер ретінде өз кандидатурамды ұсынуға бел будым, өйткені соңғы болған жанжалдан жұртшылықтың назарын аударып, қайтадан спортқа ден қою керек деп санаймын. Бұл мен үшін оңай шешім болған жоқ. Мен соңғы бірнеше ай бойы ФИФА-дағы белді әріптестеріммен ақылдасып, осындай тоқтамға келіп отырмын»,-деді ол. 

FIFA президентінің сайлауы 2015 жылдың мамырында өтеді. Сонымен бірге, бұл қызметке ФИФА-ның қазіргі басшысы Йозеф Блаттер мен ұйымның бұрынғы бас хатшысы Жером Шампань де үміткер.

hibatulla.kz 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: