Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими еліктеуге тұрарлық әрекет жасады. Эр-Риядта өткен Joy Awards салтанатында оған 2022 жылдың үздік араб спортшысы ретінде марапат берілді. Бұл сыйлық Таяу Шығыстан келген спортшыларға беріледі.
Марапатты алу үшін Хакими анасын ертіп орнынан тұрып, алған жүлдесін бірден тапсырды.
Бұл әсерлі көріністі бейнебаянымыздан көре аласыздар.
Еске салайық, Марокко құрамасы сапында Хакими 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатында төртінші орын алған болатын. Хакими өткен жылы ПСЖ-мен бірге Франция чемпионы атанып, ел суперкубогын жеңіп алған болатын.