Ережеп– елеулі ай

Ережеп– елеулі ай

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

           Жаратушы Алла өзінің құлдарына ерекше мейірімді. Пенделерін түрлі нығметметтермен бөлеген. Сол үшін де Оның берген әр күні мен әр айларынан өнімді түрде пайдаланып қалуымыз керек. Сол бір айларының ішінде өте жоғары құрметтердің біріне айналған айы, ол - Ережеп айы.

Кезекті мақаламызда ол айдың артықшылықтары жөнінде аз ғана түрде кішігірім шолу жасап кеткенді мақұл санадық. Ережеп айы - діни айлардың жетіншісі болып саналады, "ұлықтау", "құрмет жасау" деген мағыналарды білдіреді.

      Сахабалар Рамазан айынан кейін ұстаған оразаларының қабыл болуын Алла Тағаладан сұрайтын болған. Ал енді, ережеп айы кірген кезде, алдында келе жатқан Рамазан айына да аман-есендікпен жетулерін сұрайтын болған. Бұл жайында Алла Елшісі «с.ғ.с.): "Уа, Аллам, Ережеп пен Шағбан айларында біздерге береке бергейсің, және біздерді Рамазан айына да амандықпен жеткізгейсің!" - деп дұға ететін. (Хадисті Әнәс ибн Мәликтен Имам Бәйһақи риуаят етеді)

            Дұғаның оқылуы: "Аллаһуммә бәрик ләнә фи рәжәбин, уә шағбәнә, уә балиғнә илә рамадана".

Демек, Ережеп айы кірген кезде бұл дұғаны оқып жүру сүннет амалына жатады. Өйткені, бұл айда көптеген тарихи оқиғалар орын алған, мысалыға:

- Нұһ пайғамбар топан су басталған кезде ережеп айының бірінші күні кемесіне мінген;

- Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ең алғашқы уахидің (құран аяты) түсуі ережеп айында орын алған;

- Миғраж түні осы айда орын алған;

-Бес уақыт намаз осы айда парыз етілген. т.б.с.с.

            Ережеп айында нәпіл ораза ұстау сауапты істерден болып табылады. Біздерден алдыңғы өткен салихалы мұсылман қауымдары бұл айды Рамазан айына дайындық айы деп санап, көбірек ораза ұстаумен өткізген.

           Танымал табиғин Әбу Қиләбә ережеп айы жайлы былай деген: "Ережеп айында ораза ұстаған пенде үшін жұмақта бір сарай бар!".

Ғұламалардың айтуына қарағанда, бұл ай ғибадаттың дәні себілетін, шағбан айында суарылатын, рамазан айында еккенін оратын ай болып саналады. Сол үшін де басқа да кейбір әулие-машайықтарымыз :"Ережеп – самал желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан айы – жауын-шашынға ұқсайды,-  деп терең мағыналы өз ойларымен өрнектеген екен. Бұл ай ғалымдардың пікірлерінше, ғибадатқа терең құлшыныс танытатын, көбірек тәубе ететін ай екен.

   Сонымен әңгімемізді қорытындылар болсақ, бұл ай, рамазан айына дайындық айы іспеттес. Имандарымызды әркез қуаттап, алдағы төбесі көрінген Рамазан айына терең ыждаһаттылықпен кіруді Жаппар Иеміз баршамызға нәсіп етсін!

Үмбет САБЫРХАНОВ

"Әл-Хақ" мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: