ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторы, "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызы мен мешіт шәкірттерінің ұйымдастыруымен мешіт еріктілері игі істе бас қосты.
"Ізгілік науқаны" шарасы аясында шәкірттер суық күні көше тазалап, еңбек етіп жүрген қызметкерлерге ысық тағам мен ыстық шай ұсынды. Аязда ыстықтай тамақ ішіп, мешіттен жылулық көрген аға-әпкелер алғыстарын білдіріп, разылықтарын жеткізді.
"Аталған игі іс-шара алдағы уақытта жалғасын табады деген ниеттеміз" - дейді ұстаз.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



18 Январь 2026
29 Раджаб 1447

