Осындай игілік Шу ауданы "Төле би" мешітінде ұйымдасырылды. Қайырымдылық науқаны аясында 20 отбасыға көмек көрсетілді. Мешіт жанындағы қайырымдылық қорының атсалысуымен қыстың суық күнінде азық-түлік табысталды.
Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы жиналғандарға сабырлық туралы уағыз-насихат жүргізді. Көпшілік ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


15 Қараша 2026
4 Джумада-сани 1448

