2023 жылғы қажылық коронавирустық шектеусіз өтеді

2023 жылғы қажылық коронавирустық шектеусіз өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы билігі 2023 жылы қажылықты ұйымдастыру кезінде COVID-19-ға байланысты қойылған шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы Қажылық министрлігінің басшысы Тауфиқ әл-Рабий мәлімдеді. «Қажылыққа барушылардың саны коронавирусқа дейінгі деңгейге оралады; жас шектеулері болмайды», - делінген оның сөздері департаменттің Twitter-дегі микроблогында.

2019 жылы 2,6 миллионға жуық адам қажылық парызын өтеді. Пандемия фонында корольдік билігі 2020 және 2021 жылдары қажылыққа баратындардың шектеулі санына, ал 2022 жылы 1 миллион адамға қажылыққа баруға рұқсат берді.

Бұл ретте 2022 жылы 18 бен 65 жас аралығындағы, толық екпе алған немесе коронавирусқа қарсы иммунитеті бар, созылмалы ауруы жоқ адамдар ғана қажылық парызын өтей алады. 2023 жылы қажылық 26 маусымда басталуы керек. 9-12 қаңтар аралығында Жидда қаласында Сауд Арабиясы Қажылық министрлігінің конференциясы өтуде, оған әртүрлі елдерден қажылықты реттеушілер мен ұйымдастырушылар қатысуда.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: