Жамбыл облысының дін мамандары үздік атанды

Жамбыл облысының дін мамандары үздік атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2022» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.

Аталған шарада Жамбыл облысы "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы «Жыл уағызшысы-2022», ал "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы, Phd доктор Зейнеп Үсенова «Үздік ұстаз-2022» марапатын иеленді. 

Өңірімізден қос бірдей дін маманың еңбегі еленіп, ел игілігі үшін жасаған жұмысының жемісі көрініп жатқанына баршамыз шын қуаныштымыз. Алла ұстаздарымызға береке мен разылығын жаудырсын!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: