Өздеріңізге белгілі ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Алматы орталық мешітінің ат салысуымен, Алматы орталық мешітінде 2-ші Республикалық “Әдемі әуезді азаншы” атты азаншылыр сайысы өз мәресіне жетті.
Араға 6 жыл уақыт салып, екінші рет өтіп жатқан республикалық азаншылар жарысына жалпы еліміз бойынша 44-азаншы қатысты. Бұл жарысқа Жамбыл облысы да өз үлесін қосып, жарысқа Тараз қаласынан “Құлбай-баба” мешітінің имамы Сматов Талғатты жіберген болатын. Талғат бауырымыз бұл сайыста 3-ші орынды иеленіп Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қолынан кіші қажылыққа жолдама сертефикатын салтанатты түрде қабылдап алды.
Қазақ халқымыз “Аллаға жағам десең азаншы бол, халыққа жағам десең қазаншы бол” демейді ме. Сол айтқандай Талғат бауырымыз Жамбыл облысының бір мәртебесін көтеріп тастады. Жамбыл облысының жұртшылығы, облыстық “Хибатулла – Тарази” мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхаммедұлы және Тараз қалалық “Әулие-ата” мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы, жалпы Тараз қаласындағы мешіт имамдары Талғат бауырымыздың бұл 3-ші орын мәртебесіне иеленген жеңісімен шын жүректен құттықтап, алғыстарын айтты. Бұдан былый осындай табысты жеңіске жете беруіне тілектеспіз деп, өз ризашылықтарын білдірді.
Тараз қалалық “Әулие-ата” мешітініңбаспасөз қызметі