Жамбыл ауданы Аса ауылына арнайы іс-сапармен келген Жамбыл облысының найб имамы Жапек Ғалымбек аудандағы сауда орталықтарының біріне кіріп, жат ағымдар жайында кеңінен насихат айтқан болатын.
Дін ұғымы – адамзатты бақытқа бастаушы, жақсылыққа жетелеуші, санаға салмақты ой салып, кемелдікке жеткізуші институт. Жалпы адами құндылықтарды басшылыққа алатын асыл дініміз Ислам да жазықсыз адамның өміріне, ар-намысына, жеке мүлкіне қол сұғуға, басқыншылық жасауға қатаң тыйым салады.
Бүгінгі таңда тек өздерін ғана «шынайы мұсылманбыз» деп, өзгелердің барлығын, «кәпір» есептейтін және өз отанын тәрк етуші адасқан ағымның көрініс тапқаны мәлім. Міне, осы ағысдар турасында облыстан келген өкіл кәсіпкерлермен арнайы кездескен болатын.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі