Джакартада қалпына келтіру жұмыстары кезінде өртеніп кеткен Ислам орталығын қалпына келтіру шығынын Сауд Арабиясы өз мойнына алады. Бұл туралы корольдіктің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Сауд мәлімдеді.
Saudi Press Agency ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚСА тақ мұрагері «ислам орталығының жас ұрпақты тәрбиелеудегі және исламдық толеранттылық пен бейбітшілік жолдауын таратудағы үлкен рөліне» тоқталды. Ол сондай-ақ мешітті қайта салу жоспарын «Сауд Арабиясы мен Индонезияны біріктіретін бауырластық қарым-қатынастың көрінісі» деп атады.
Еске салайық, оқиға 20 қазанда болған. Жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған өрт салдарынан мұсылмандар ғибадатханасының күмбезі опырылып құлаған. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ.
asyldin.kz