#Шудың әйелдер жамағаты Мәуліт мерекесін өткізді

#Шудың әйелдер жамағаты Мәуліт мерекесін өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы "Жәми" мешітінде әйелдер арасында Алла елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мұхаммедтің туған айына арналған Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Іс-шараға Тараз қаласынан арнайы ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Нұрсұлтанқызы келіп қатысты. Мәуліт кешін қари  Сәуле ұстаз Құран Кәрім аяттарын оқумен ашты. 

Рухани кеште интерактивті тақтадан бейнежазбалар көрсетіліп, адамзаттың асыл Тәжінің өмірбаяны баяндалды. Шәкірттер мен жамағат арасында интелектуалды ойын, сұрақ-жауап жүргізіліп, жеңімпаздарға түрлі бағалы сыйлықтар тарту етілді. Шәкірттер тарихи қойылымдар қойып, көрерменнің көзіне жас алдырды. 

Шарадан соң ақ дастархан жайылып, сектор жетекшісі Жазира Нұрсұлтанқызы уағыз жүргізді. Қыз-келіншектердің сауалдарына жауаптар беілді.

Мешіт ұстаздары Сәуле Нұрсұлтанқызы мен Ләззат Маханбетованың ұйымдастырумен жасалған ауқымды шара жамағаттың көңілінен шығып, алғыстарын айтты. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: