Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген жамағатқа «сүннет» турасында, сонымен бірге, «сүннетке сай амал» жасау жайында кеңінен уағыз айтты.
Сүннетпен жүру әрбір мұсылман баласына – міндет екендігін айтқан бас имам, жамағатты сүннетпен амал етуге шақырды. Жамағаттың сұрақтарына жауап берген соң, бас имам сүннетке амал ету турасында біршама мысалдар келтіріп, жамағатқа барынша насихат етті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі