Сауд Арабиясының патшасы Абдалла бен Абдель Әзиз әл-Сауд Батыс Африкада елдерінде таралған Эбола вирусымен күресуге 35 миллион АҚШ долларын бөлуді тапсырды.
Бұл тапсырма Ислам даму банкінің президенті Ахмад Мұхаммед Әли мырзаның қатысуымен жүзеге асырылды.
Мұхаммед Әлидің хабарлағанындай, Сауд елінің патшасы бөлген бұл қаржы Африкадағы медициналық құрал-жабдақтарға мұқтаж елді-мекендерден бөлек, медициналық тексеруден өту жұмыстарына да бөлінеді екен.
Осы медициналық тексерулер арқылы вирусты жұқтырған адамдарды тезірек емдеуге мүмкіндік болады дейді, Ислам даму банкінің президенті.
hibatulla.kz