Мәскеу қаласында Ресей мүфтилер Кеңесінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық форумда ҚМДБ төраға орынбасары Серікбай қажы Ораз баяндама жасап, мұсылман жамағатының әлеуеті мен жауапкершілігі туралы мәлімдеді.
«Бүгінгі мұсылманның әлеуеті мен жауапкершілігі жайлы сөз қозғағанда, біз ең әуелі имандылықты айтамыз. Имандылық - бәрінен жоғары тұратын құндылық.Иманды дәрігер жанашырлықпен халықты емдесе, иманды мұғалім балаға білім берумен қатар ізгілікке тәрбиелесе, иманды құрылысшы өз ісінің шебері болса, сонда ғана біздің, Ислам әлемінің әлеуеті күшейеді », - деді наиб мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы.
Екі күнге созылған форум бүгін өз жұмысын тәмамдады. Әлемнің әр түкпірінен келген дін қайраткерлері ортақ Үндеу қабылдап, діни оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей Діни басқармалары арасында оқу-ағарту салаларында ортақ келісімдерге қол жеткізілді.
ҚМДБ Баспасөз қызметі