Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы көрнекті қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбаймен кездесті.
Бас мүфти баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER – 2022» ұлттық бәйгесінде Шерхан Мұртаза атындағы арнайы сыйлықты иеленген қаламгерді құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Кездесуде ақпарат саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселесі сөз болды. Қали Сәрсенбай бұл бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыруға ниеттестік білдірді.