Иран басшысы Хасан Роухани, нарықтағы мұнай бағасының күрт төмендеуін мұсылмандарға қарсы жасалған саясат деп отыр. Ол өз мәлімдемесінде, жоғарыда аталған істі мұсылман халықтарына және жалпы Ислам әлеміне қарсы қолданылып отырған іс деп бағалады.
Тегеран мұнай экспорттаушы мекемелерден (ОПЕК) нарықтағы мұнай бағасын қайта өсіру үшін мұнай өндіру ісін қысқартуды талап өтті.
Қараша айында өткен отырыста ОПЕК ұйымы мұнай өндіру квотасын бұрынғы деңгейде сақтап қалды және нарықтағы мұнайға деген сұраныс қайта қалпына келуі тиіс деген үмітте екенін жеткізді.
hibatulla.kz