Жұмыста отырып жуырда жұмыстан шығарып жіберген бір қызметкер туралы ойға шомдым. Ол бізбен бірге көптен қызметтес болып келген, оның мықты білімі әрі осы салада мол тәжірибесі бар болатын. Ең бастысы, әлгі қызметкердің отбасы бар еді… Енді қандай өкінішті болса да, ол адам өзінің ашуына ие бола алмағандықтан жұмыссыз қалып отыр!
Біздің біліуімізше, оның отбасының жиып-тергені көп емес, ал жиған-тергенінің бәрін колледжде оқитын ұлын аяққа тұрғызуға көмектесіп әрі оның қасында болу үшін көшіп келуге жұмсаған болатын.
Әлгі адам қызмет жолын енді бастаған кезінде мінезі өт керемет еді, үнемі күлімсіреп жүретін, алайда үнемі үстеме жұмыс алып отыруы оған ауыр салмақ салып кетті де ол қатты ашуланшақ адамға айналып кеткенін өзі де білмей қалды. Оның басына жақсы ойлар келуден қалды, үнемі наразылық танытып, әр нәрсеге разы болмай жүретін болды. Бірақ оның ашуға ширыққаны сондай офисте басқа бір қызметкерді итеріп қалады деген ой ешкімге де келмеген еді!
Оның өз көңіл-күйін бақылауда ұстай алмауы, теріс эмоциялардың бұрқ етіп сыртқа шығуына әкеліп соқты, ал мұның соңы оның жұмыссыз қалуына, беделінің түсуіне әрі отбасы тұрақтылығының шайқалуына келіп тірелді.
Осыған ұқсас көптеген оқиғаларды көре отырып, біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) маңызды кеңестерін еске алмауға болмайды.
Әбу Хурайра (р.а.) бір адамның Пайғамбарымызға (ﷺ)
келіп: «Маған кеңес бер», - деп айтқанын келтірген. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: «Ашуланба», - деген. Әлгі адам өз өтінішін бірнеше рет қайталағанда да Пайғамбарымыз (ﷺ): «Ашуланба», - деп айтқан болатын.
asyldin.kz