#Жамбыл: Аудан имамы жиналыс ашты

#Жамбыл: Аудан имамы жиналыс ашты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауданға қарасты ауыл имамдарына арнап, арнайы жиналыс ашты. Аталған кедесуде ауыл мешіттерінің әл-ауқаты мен ахуалы сөз болды. Сондай-ақ, мешіттердің қысқы дайындығы мен «Мәуліт» мерекесіне арналған шараның қалай ұйымдастырылатыны талқыланды.

Сонымен бірге, Мәуліт айының құрметіне «Пайғамбарды танисыз ба?» деген әлеуметтік жоба өткізу керектігін алға тартқан ауданның бас имамы жобаның мақсатын иамдарға таныстырды. Көшедегі адамдардан Пайғамбарымыз жайлы сұрақтар қойып, білімін тексеру. Білмей жатса, әдеппен түсіндіру.

Сол арқылы титтей де болса да Пайғамбарымыздың өмірі жайлы қысқаша ақпарат беру арқылы, сүйіспеншілігін ояту қажеттілігін айтып, бірқатар тапсырмалар тапсырды. Жиын соңында ауданның бас имамы ауыл имамдарының атқарып жатқан қызметтері үшін, өз алғысын білдірді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: