#Т.Рысқұлов: Абай мешітінде мәуліт оқылды

#Т.Рысқұлов: Абай мешітінде мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінің жамағаты жиналып мешіт асханасында Қасиетті Мәуліт айын мерекелік іс-шарамен күтіп алды. Іс-шарада ауыл имамы Талғат Таукеев Пайғамбарымыздың өмір тарихынан мәуліт жырын оқыды.

Мешіт жамағаты қосылып адамзаттың абзалы Пайғамбарымыз Мухаммадқа (с.а.с) салауаттар мен сәлемдер жолдады. Іс-шара соңында Талғат имам Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өнегелі өмірінен және хадистерінен алып, ғибратты уағыз айтты. Мешіт шәкірттері мен  жамағаты мәуліт кешінен керемет әсер алғандарын жеткізді.

 Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: