Кабул Ахбар былай айтқан:
- Алла Тағала жәудір көз хор қыздарын (хур әл-айн) жаратқан. Бұл періштелерге тән және өң сұлулығы жағынан тең келер ешкім болмаған.
- Алла! Сен бұлардан да көркем жан жараттың ба? – деп сұрайды періштелер.
Сонда Алла Тағала:
- Мен төрт әйелді жараттым. Олардың маңғаздығы мен сұлулығы хор қыздарының қасында күннің жұлдыздардан артықшылығындай болады, -деп айтқан.
Алла Тағала айтқан әйелдер:
- Әсия – Перғауынның әйелі, ол өз сарайында Мұса пайғамбарды (ғ.с.) бағып-қағып өсірген.
- Мәриям – Ғиса пайғамбардың (ғ.с.) анасы.
- Хадиша – біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) бірінші әйелі.
- Фатима – Пайғамбарымыздың (ﷺ) қызы, хазірет Әлидің (р.а.) әйелі, Хасан мен Хусейіннің анасы.
Аршының астында төрт жүзді бір періште бар. Оның екі жүзінің арасы мың жылдық жолға тең.
Бір жүзімен Жұмаққа қарап, былай айтады:
- Саған кіретіндер нендей бақытты!
Екінші жүзі Жаһаннамға қарап:
- Саған кіретіндерге нендей өкініш! – дейді.
Үшінші жүзімен Тозаққа қарап:
- Сен Ұлысың, Аллам менің! Сені асқан құрметпен есіме аламын, - деп айтады.
Төртінші жүзімен сәжде жасап, былай айтады:
- Субхана Раббиалағлә (Ұлы Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін).
Намаз уақыты келгенде, әлгі періште қозғала бастайды. Алла Тағала оған:
- Тыныштал да қозғалма! Дәрет алып, намаз оқығандарға рақымшылық еттім, - дейді.
Бараат түні Алла Тағаланың періштелерге былай бұйыратыны келтірілген:
- Уа, Менің періштелерім! Куә болыңдар! Маған ешкімді теңестірмейтін адамдарға рақымшылық еттім.
Сонда періштелер:
- Алла! Олар күнә жасады ғой, - дейді.
- Бұл неткен сөз таластыру? Ақиқатында, Мен Мұхаммедтің үмбетіне кешірім бердім. Олар Менен мейірім күтуде. Ал сендер шапағат жасаумен айналысыңдар да жақтырмаушылықты тастаңдар.
Рамазан айы келгенде Аршы, Күрсі мен періштелер былай айтады:
- Мұхаммедтің үмбеті неткен бақытты! Олар Алла тарапынан жоғары бағалануда. Шайтаннан басқалардың бәрі - күн, ай, жұлдыздар, күн мен түн, теңіздегі балықтар мен құрғақтағы күллі тіршілік атаулы Адам Ата балаларына рақым етуін сұрайды.
Алла Тағала періштелерге: «Дұғаларың мен дәріптеулеріңді Мұхаммедтің үмбетіне арнаңдар», - дейді. Періштелер Алланың айтқанын орындайды. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:
- Әр күні көктен бес періште түседі. Бірінші періште – Меккеге, екінші - Мединеге, үшінші -Әл-Құдысқа, төртінші – мұсылмандардың қабіріне, ал бесінші – көшелерге түседі.
Меккеге түскен періште былай айтады:
- Кімде-кім парыз намаздарын қалдырса, сол Алланың мейірімінен қағылады.
Мединеге түскен періште:
- Кімде-кім сүннетін қалдырса, сол Алла Елшісінің (ﷺ) Сүннетінен шыққан болады.
Әл-Құдысқа түскен періште:
- Кімде-кім харам жолмен күн көрсе, Алла Тағала оның басқа да амалдарын қабыл етпейді.
Мұысылман қабірлеріне түскен періште:
- Әй, қабір иелері! Сендер неге қызығасыңдар? – деп сұрайды.
- Егер Құран оқылса, намаз оқылса, салауат айтылса, біз осыны жасайтындарға қызығамыз.
Көшелерге түскен періште:
- Әй, мұсылмандар! Алла Тағаланың қасіреті мен азабы бар. Сендер өз жарақаттарыңды емдемейсіңдер ме? Тәубеге келіп, Аллаға сиыныңдар!
Халид (р.а.) былай айтқан:
- Алла Тағала періштелерге: «Менің мейіріміме үш адам жақын. Солардың бірі - жердің астындағы үңгірде жүріп, өзі азан айтып, намаз оқитыны.
Әй, Менің періштелерім! Менің құлыма қараңдаршы! Ол намаз оқып жатыр, ол үшін Менен басқа құдай жоқ. Жетпіс мың періште түсіп, әлгі адаммен бірге намаз оқысын.
Екіншісі – жалғыздықта намаз оқып, сәждеге барғанда қалғып кететіні.
Әй, Менің періштелерім! Менің құлыма қараңдаршы! Оның жаны Менің қасымда, ал денесі сәжде жасап жатыр.
Үшіншісі – дін жолында қарсы тұратындар. Міне, осы үшеуі Менің мейіріміме бөленеді».
asyldin.kz