Қарттар мен ұстаздар күні кең көлемде аталып өтілді

Қарттар мен ұстаздар күні кең көлемде аталып өтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітінде мешіт ұстаздары мен шәкірттердің ұйымдастыруымен қарттар және ұстаздар күніне арналған кең көлемде рухани кеш өтті. 

Мешітке жиналған әйелдер жамағатының алдында ұстаз Зейнеп Жәдігерқызы мен Салтанат апа сөз сөйлеп, шараны ашты. Мерекелік іс-шараның маңызын тілге тиек етіп, көпшілікті құттықтады. Шәкірттер ұстаздарға шоқ-шоқ гүл сыйлап, жылы лебіздерін білдірді. 

Іс-шараға қонақ ретінде облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Жібек Қолағұлова, облыстық "Әжелер алқасының" төрайымы Жәмила Джумабаева, Нұржамал апа келіп қатысты. 

Кеште ұстаздар ұлағаты жайлы насихат айтылып,  шәкірттер бірін-бірі тану мақсатында өзара сыйлық жасасты. Әжелер алқасы құрамына жаңадан келіп қосылған апалар өздерін таныстырып, сөз сөйледі. 

Мерекелік жиыннан соң ақ дастархан жайылып, бас қосу ас үстінде жалғасын тапты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: