#Талас: Ұстазға құрмет көрсетілді

#Талас: Ұстазға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданының бас имамы ұстаздар күні мерекесіне орай ұстаздарға құрмет көрсетті.

"Құрметті ұстаздар қауымы! Ардақты білім саласының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай" - деді бас имам. 

Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі», – демекші, әр адам ұстаздарға деген ерекше құрмет көрсетуі қажет. Міне осы орайда ұстаздар күні қарсаңында Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешіті, "RIZYQ” қайырымдылық қорының мұрындық болуымен аудан имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы "Қаратау технология, білім және бизнес" колледжіне арнайы барып ұстаздарды құттықтап, сыйлықтар таратып, ардагер ұстаз А. Жұмабаеваға қаржылай көмек көрсетті.

"Ұстаздық ету – ұлы қызмет» деген қанатты сөз бар. Шын мәнінде, әлі оң-солын толық танып үлгермеген баланың өмірден өз орнын тауып, адам болып қалыптасуында мұғалімнің еңбегі зор. Сондықтан ұстазға құрмет көрсету – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз" - деп қорытындылады аудан имамы. Ұстаздар да аудан имамына жасаған сый-құрметіне өз алғыстарын білдірді.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: